емтихан тапсыруға арналған сұрақтар

1. Процессуалдық құжаттардың түсінігі және маңызы.

2. Процессуалдық құжатқа қойылатын талаптар: заңдылық, негізділік, сенімділік және шынайылық; құжаттағы материалдың орналасу қисындылығы және бірізділігі; сауаттылық және мәдениеттілік. Процессуалдық құжаттарды құрастырудың принциптері.

3. Процессуалдық құжаттардың түрлері.

4. Талап қоюдың тәртібі.

5. Талап арыз. Талап арыздың нысаны мен мазмұны.

6. Талап қоюшылық емес іс жүргізудің істері бойынша арыздар (шағымдар) (ерекше талап қою арқылы іс жүргізу; ерекше іс жүргізу; бұйрық арқылы іс жүргізу). Арыздың (шағымның) нысаны мен мазмұны.

7. Сотта азаматтық істі жүргізуге сенімхат.

8. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым.

9. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым.

10. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым.

11. Талап арызды қабылдау және азаматтық істі қозғау туралы ұйғарым.

12. Істі сотта қарауға әзірлеудің түсінігі және мәні.

13. Істі сотта қарауға әзірлеу кезінде судья шығаратын процессуалдық құжаттар.

14. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым.

15. Талап арызға пікір (қарсылық).

16. Талапты қамтамасыз ету туралы арыз. Талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарым.

17. Сараптама тағайындау туралы арыз.

18. Сот тапсырмасын жіберу туралы ұйғарым.

19. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы ұйғарым.

20. Дәлелдемені талап ету туралы өтінім. Соттың сұратуы.

21. Істі сотта қарауға тағайындау туралы ұйғарым.

22. Сотта қарау: түсінігі, мәні және маңызы.

23. Істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым. Құрастыру тәртібі және мазмұны.

24. Бітімгершілік келісімін бекіту туралы арыз.

25. Қарсылық білдіру туралы арыз.

26. Талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым.

27. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым. Құрастыру тәртібі және мазмұны.

28. Сот отырысының хаттамасы, мазмұны және оның маңызы. Сот отырысының хаттамасына ескертпелер.

29. Сот актілерінің түсінігі және түрлері (шешім, ұйғарым, сырттай шешім, сот бұйрығы).

30. Шешімдердің түрлері: қысқаша шешім, дәлелді шешім, сырттай шешім, қосымша шешім. Сот шешіміне қойылатын талаптар: заңдылық, негізділік, толықтық, анықтылық, шартсыздық, жазбаша нысан. Шешімнің мазмұны (кіріспе бөлігі, сипаттау бөлігі, дәлелдеу бөлігі, қарар бөлігі), оны құрастыру тәртібі. Сот шешімінің заңды күші.

31. Ақшалай сомаларды өндіру туралы шешім.

32. Мүлікті тағайындау туралы шешім. Қосымша шешім: негіздері және құрастыру тәртібі.

33. Сырттай шешім және оны құрастыру тәртібі.

34. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары. Ұйғарымның түрлері. Ұйғарымның құрамдас бөліктері (кіріспе, сипаттау, дәлелдеу, қарар).

35. Тараптардың бітімгершілік келісімін жасауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым. Арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым.

36. Жеке ұйғарым: негіздері және құрастыру тәртібі.

37. Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, мәні, маңызы. Сот бұйрығы: түсінігі, мазмұны және оны құрастыру тәртібі.

38. Сот актілеріне апелляциялық шағымданудың (наразылық келтірудің) түсінігі, мәні және маңызы. Апелляциялық шағым беру (наразылық келтіру) құқығы.

39. Апелляциялық шағым (наразылық). Мазмұны және құрастыру тәртібі.

40. Апелляциялық шағымға қарсылық. Іске жаңа дәлелдемелерді тіркеу туралы өтінім.

41. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым.

42. Апелляциялық сатының апелляциялық шағымды (наразылықты) қайтару туралы ұйғарым.

43. Апелляциялық қаулы және шешім: мазмұны және оны құрастыру тәртібі.

44. Жеке шағым (наразылық): түсінігі, мазмұны және оны құрастыру тәртібі.

45. Сот актілеріне кассациялық шағымданудың (наразылық келтірудің) түсінігі, мәні және маңызы. Кассациялық шағым беру (наразылық келтіру) құқығы.

46. Кассациялық шағым (наразылық). Мазмұны және құрастыру тәртібі.

47. Кассациялық шағымға қарсылық.

48. Кассациялық шағымды (наразылықты) қайтару туралы ұйғарым.

49. Кассациялық қаулы: мазмұны және оны құрастыру тәртібі.

50. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз. Оны тапсыру тәртібі және мазмұны.

55. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы ұйғарым.

56. Шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудан бас тарту туралы ұйғарым.

57. Атқарушылық іс жүргізу актілерінің түсінігі.

58. Атқару парағы. Беру тәртібі және мазмұны. Атқару құжаттарының түрлері және олардың құқықтық маңызы (атқару парағы, сот бұйрығы және т.б.).

59. Сот орындаушысының іс-әрекеттеріне берілетін шағым. Сот орындаушысының іс-әрекеттеріне берілетін шағым бойынша ұйғарым.

60. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы.

61. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы.

62. Атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару туралы қаулы.

63. Мүліктің тізімдемесі.


5328594634216496.html
5328643739612410.html
    PR.RU™